Алматыда дәрігерлер бірегей ота жасап, бүйректегі қатерлі ісікті алып тастады

Алматы онкологиялық орталығы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұрлан Балтаев қатерлі ісікті алып тастап, жас науқастың бүйрегін сақтап қалды.

Алматыда дәрігерлер бірегей ота жасап, бүйректегі қатерлі ісікті алып тастады
istockphoto.com
Автор
Админ
180

Бойжеткеннің сол жақ бүйрегінде көлемі 3-4 см қатерлі ісік болған. Ісік бүйректің ортасында орналасып, маңызды органның жұмысына қауіп төндірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мамандар бүйректің лапароскопиялық резекциясын жасау туралы шешім қабылдап, ісікті алып тастауға ғана емес, сонымен қатар бүйректің қызметін сақтауға тырысты. Бұл кішігірім кесулер арқылы ота жасауға мүмкіндік беретін жарақатсыз әдіс. Аталған әдіс қалпына келтіру кезеңін едәуір қысқартады және отадан кейінгі асқыну қаупін азайтады.

"Біздің басты міндетіміз ісікті алып тастау ғана емес, сонымен қатар бүйрек қызметін сақтау болды. Бұл әсіресе жас пациенттер үшін өмір сапасына және болашақта жалпы денсаулыққа әсер етуі мүмкін нефрондардың жоғалуына байланысты тәуекелді болдырмау үшін өте маңызды", - деді Нұрлан Балтаев.

Хирургтар зәрді жинауға және тасымалдауға жауапты бүйрек аймағын айналып өтті, бүйректің тұтастығын сақтап, қатерлі тінді толығымен алып тастады.

Серіктес жаңалықтары