524
Онкологиямен ауырғандар мүгедектік есебіне тұрып, әлеуметтік көмек алуы керек
Ақмола облысында онкологиямен ауырған 100-ден астам адам мүгедектік бойынша есепке тұрмаған.
109 адамның мүгедектік бойынша есепке тұрмағанын Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.
Дәрігерлер оларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермеген. Пациенттен сол себепті әлеуметтік көмек ала алмаған.
«Мысалы Көкшетау облысының бір тұрғыны 2022 жылдан бері онкологтың есебінде тұр. Алайда емдеуші дәрігер мүгедектік белгілеу, еңбек қабілетін жоғалту деңгейін анықтау, пациентке әлеуметтік көмек көрсету шараларын қабылдамаған», - деді прокуратура.
Прокурорлардың бастамасымен медицина мекемелерінің басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.