Шұбаркөл стансасында жүк вагондары рельстен шығып кетті

«Қазақстан темір жолы» компаниясы апат өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмегенін мәлімдеді.

Шұбаркөл стансасында жүк вагондары рельстен шығып кетті
ҚТЖ баспасөз қызметі
241

Қарағанды облысындағы Шұбаркөл станциясында жүк вагондары релстен шығып кетті.

«Қазақстан темір жолы» АҚ-ның мәліметінше, оқиға 3 қарашада болған.

«3 қараша күні сағат 03.45-те жеке меншік жол бойында «Шұбаркөл Көмір» АҚ станциясындағы жеке кірме жолында үш жүк вагоны рельстен шығып кетті», делінген хабарламада.

Локомотив жекеменшік тасымалдаушыға тиесілі. Аталған құрамды жеке компанияның локомотив бридасы басқарған.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы апат өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмегенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары