Ертең еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

3 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ертең еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
freepik.com
289

Синоптиктер 3 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атырау облысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с . Атырау қ: 03 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 03 қараша түнде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с. Қостанай қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 03 қарашада күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 03 қарашада тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Семей қ.: 03 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 03 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 03 қарашада күндіз оңтүстіктен жел соғады екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары