Әнші-әртістер Құрманай Бақтиярқызын ақтық сапарға шығарып салды

Марқұм өнер иесі туған жері Қазығұрт ауданында жерленді.

Әнші-әртістер Құрманай Бақтиярқызын ақтық сапарға шығарып салды
instagram
900

28 қазанда өмірден өткен белгілі ақын, компазитор Құрманай Бақтиярқызын бір топ өнер иелері ақтық сапарға шығарып салды.

Марқұм өнер иесі туған жері Қазығұрт ауданында жерленді.

«Жүрген жерің мереке еді… Кең едің… Көпшіл едің… Бауырмашыл едің… Шынайы едің… «Құрекем менің, Құрекем! Құрекем қайда жүр екен?…» деп енді кімге айтам, Құрманайым. Неге ол жаққа ерте кетуге асықтың, Алтыным-ау! Әке-шешеңе, балаларыңа, туыстарыңа көңіл айтамын. Алдың пейіш, артың кеніш болсын! Бақұл бол, қазақтың Құрманайы!», – деп жазды Нұрлан Албан.

Одан кейін Алтынай Жорабаева туған күнін тойламай, құрбысын ақтық сапарға шығарып салуды жөн көрген.

«Құрмашым менің! Сол кезде Алланың қалауымен, бүкіл халықтың дұғасымен бас көтеріп, қайтадан ортамызға оралып едің. Осы жолы комаға түсіп қалғаныңды байқамай қалдық. Алланың қалауы болды. Туған күніме қарамастан, өзіңмен қоштасуға жол тарттым», – деп жазды өнер иесі.

Одан кейін Мақпал Жүнісова марқұмның соңғы хатын да жариялап, соңғы көрген сәтінен видео жариялады.

«Концерт болмайды. Мақтадайым сол менің, біріншіден сізсіз ешнәрсе қызық емес, екіншіден қайырымдылық концерт дегені ұнамады. Үшіншіден шаршап қаламын, алда бес сағаттық ота күтіп тұр, дәрігерлер ұрысты. Жазылып алған соң сізбен дуэт айтамын, бұйырса», – деп жазған Құрманай Бақтиярқызы халық әртісіне.

Серіктес жаңалықтары