Қарағанды облысында жер сілкінді

Сілкініс ошағы Балқаш қаласының солтүстік-шығысында болған.

Қарағанды облысында жер сілкінді
istockphoto.com
Автор
Админ
842

30 қазанда Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жер сілкінісі Астана уақытымен 10:59-да тіркелген. Сілкініс ошағы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 500 шақырым жерде болған.

Ұлттық ядролық орталықтың геофизикалық зерттеулер институтының жедел деректеріне сәйкес жер сілкінісі Балқаш қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым жерде, Ақтоғай ауданының аумағында болған.

Серіктес жаңалықтары