«Аяғымнан шалғысы келгендер, заң алдында жауап бересіңдер!» – Айгүл Орынбек мәлімдеме жасады

Кеше белгілі заңгер Айгүл Орынбек қамауға алынды деген ақпарат тараған болатын.

«Аяғымнан шалғысы келгендер, заң алдында жауап бересіңдер!» – Айгүл Орынбек мәлімдеме жасады
Автор
Админ
459

Бүгін Айгүлдің өзі осы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады. Ол енді өзіне қатысты жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартпақ.

«Сыбайласқан жемқорлықпен күрес жолында кедергілер мен жала жабу болады! Жемқорлар мен сыбайласқандар өздерінің қылмыстары ашылмас үшін бәріне баратыны белгілі емес пе?! Қоғам белсендісі болған күннен бастап, маған жала мен  қаншама қылмыстық іс ашылып, қылмыстың құрамы болмаған соң жабылған! Шыны керек басымнан өтіп жатқан қылмыстық  істердің, соттардың  бірде біреуін халықпен бөліспегем.  Ел алдында жүрген соң,  әр ашылған іске сорам ағып жылап жүрсем, халықтың болашаққа деген үміті үзіледі  емес пе? Мен өзімнің жасаған әрбір іс-әрекетім заңды екеніне  нық сенімдімін! Реформа болу үшін әрекет болу керек, ол әрекеттер кедергісіз болмайды. Осыншама халықтың, мені қолдағанын  оқып қуанып отырмын. Мені қолдауға  жиналудың қажеті жоқ, мен де бәрі жақсы. Арқамда мен үшін жиналатын бір қауым ел барына көздерің жетті ма?! Маған қатысты заңсыз іс -әрекет жасағандар, аяғымнан шалғысы келгендер, жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап бересіңдер!», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары