Карина Мамаш күйеуімен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді
10 жыл бойы күйеуінен қорлық көрген Карина Мамаш Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді.
Карина Мамаш Instagram желісіндегі парақшасындағы Stories-те оқырмандарының сұқрақтарына жауап берді. Жазылушылардың бірі оның жұбайымен қазіргі қарым-қатынасы туралы сұраған. «Сіз ажырастыңыз ба?» деген сұраққа ол: «Иә, мен ресми түрде ажырастым» деп жауап жазды.
Кейін ол ұлының еміне 30 миллион еуро керек екенін айтты.
«Ұлымның тірек-қимыл аппаратында проблемалары бар. Аяғы ақсап, бүгіп жүреді. Үш жерге ота жасау керек», – деді Карина Мамаш.
Еске сала кетейік, мамыр айының басында Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш әлеуметтік желіде күйеуінің тарапынан 10 жыл бойы зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеді. Бұдан кейін Сыртқы істер министрлігі қызметкерді Қазақстанға кері шақырып жатқанын хабарлады: оның ісін құқық қорғау органдары қолға алатыны хабарланды.