Қоғамдағы белсенділігімен танылған заңгер Айгүл Орынбектің ұсталғаны жайында хабар тарады, деп жазды turkystan.kz.
Бұл туралы бірінші болып Михаил Козачков Telegram-дағы арнасында жазған.
«Koza4kov_bot-қа Шымкентте блогер Айгүл Орынбектің бүгін ұсталғанын жазып жатыр. Қазір ол полицияда. Ол «Алаяқтық», «Сотқа дейінгі деректерді жария ету» және «Сот төрелігіне кедергі жасау» баптары бойынша күдікке ілінген», — деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.