Ақтауда 12 жастағы қыздың басына футбол қақпасы құлап кеткен

Оқиға №2 шағын аудандағы №71 үйдің жанындағы футбол алаңында болған.

Ақтауда 12 жастағы қыздың басына футбол қақпасы құлап кеткен
istockphoto.com
216

Ақтау қаласында 12 жастағы қыздың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен, деп хабарлады turkystan.kz lada.kz порталына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы дәрігерінің айтуынша, қыз балаға бас миының жабық жарақаты, маңдай сүйегінің сынуы, мидың орташа ауырлықтағы көгеруі, маңдай аймағының көгеруі секілді диагноз қойылды.

«Жағдайы тұрақты, орташа ауырлық дәрежесі, емдеу жүргізіліп жатыр. Отасыз симптоматикалық терапия тағайындалады», - деп хабарлады медициналық мекеме.

Оқиға №2 шағын аудандағы №71 үйдің жанындағы футбол алаңында болған.

Басылымның жазуынша, футбол алаңының құрылысы бітпеген. 24 қазан күні балалар футбол қақпасын өз бетінше көтеріп орнатады, салдарынан қақпа 12 жасар қыздың басына түскен.

Серіктес жаңалықтары