Петропавлда шаян жұмыртқаларын аулағандар ұсталды
СҚО-да полицейлер artemia salina шаянын заңсыз аулаған күдіктілерді ұстады
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің назарына үш адамнан тұратын топ көзге түсті. 33 және 22 жастағы екі петропавлдық, сондай-ақ Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғыны артемия салина шаяны жұмыртқаларын заңсыз аулаған деп күдіктенеді.
Олар мақсатты жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының, 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және облыстық прокуратураның үйлестіруімен өзара іс-қимыл жасау кезінде ұсталды.
Заңсыз өндіру Мамлют ауданы аумағындағы Меңкесер тұзды көлінде жүргізілген. Оқиға орнынан полицейлер жалпы салмағы 460 келіні құрайтын 6 қапқа салынған шаян жұмыртқалары тәркіленді. Жүргізілген сараптама мемлекетке келтірілген зиянды 3 миллион 712 мың теңгеге бағалады.
– Заңнама талаптарына сәйкес, топтың құрамында балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.