Қазақстанда қайтыс болған донор төрт адамның өмірін сақтап қалды

Республика күні қарсаңында, 23 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында қайтыс болған донордан төрт пациентке ағзаларды сәтті трансплантаттау жүргізілді.

Қазақстанда қайтыс болған донор төрт адамның өмірін сақтап қалды
istockphoto.com
Автор
Админ
205

Мидың өлімі туралы мәлімдемеден кейін 39 жастағы донордың туыстары келісім беріп, ағзаларды төрт адамға сыйға тартты. Жүрек, өкпе және екі бүйрек алынды.

1977 жылы туған ер адамға жүрек, 1962 жылы туған әйелге өкпе, 2015 жылы туған балаға бүйрек, ал 1966 жылы туған әйелге екінші бүйрек салынды. Осылайша елдің төрт азаматтың өмірі ұзарды.

Пациенттер Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының республикалық, өңірлік және стационарлық трансплантаттау үйлестірушілерінің және «University Medical Center» КҚ, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС трансплантаттау орталықтары мамандарының үйлесімді командасының арқасында «екінші өмірге» мүмкіндік алды.

ТҮЖМҚРО  деректері бойынша 2023 жылы Қазақстанда қайтыс болған 7 донор тіркелді, бұл 19 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді. 2024 жылғы  25 қазанда қайтыс болған донорлардың саны 6-ны  құрады, бұл 23 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді.

2024 жылғы қазан айына  Денсаулық сақтау министрлігінің Транспланттауды үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі республикалық орталығының күту парағында бүйрек, бауыр, жүрек және «жүрек-өкпе» кешеніне трансплантаттауды қажет ететін 4080 пациент бар.

Серіктес жаңалықтары