200
БҚО тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды
Сот үкімімен Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының тұрғыны алимент төлемегені үшін кінәлі деп танылды.
Оның 2021 жылдан бастап алимент бойынша берешегі 2 787 838 теңгеге жеткен.
Ол бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бірнеше жыл бойы өз міндеттерін қасақана орындамаған.
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Бәйтерек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.