239
Атырауда итті өртеп жіберген жасөспірімдерге үкім шықты
Атыраудың кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты итке қатыгездік жасаған екі жігітке қатысты қылмыстық істі қарады.
Айыпталушылардың бірі кәмелеттік жасқа толмаған. Олар 2024 жылдың жазында итті ұстап алып, бағанға байлап, үстіне бензин құйып, өртеген. Біреуі итті темірмен ұрған.
Кінәлілер өз кінәсін мойындап, істеген істеріне өкініш білдіріп, жазаларын жеңілдетуді сұраған. Сот олардың жастығын, бұрын сотталмағанын ескеріп, алты ай еркіндігін шектеді.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.