Бұл туралы продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Жаным Құрмашым, әлі сенер емеспін, жақсы адамым! Жаның жәннатта болсын! Жақында ғана Құрмашым телефон соғып, дауысы саңқ ете қалды: Гүлім менің…, саған арнап жаздым ватсабыңды оқышы деп , жіберіп еді, қоштасқың келіп, айта-айта жүрсін дедің ба екен», - деп жазған Гүлзира Айдарбекова.
Бұған дейін Құрманай Бақтиярқызының ауыр дертпен күресіп жатқаны хабарланған еді.