160
«Астана-Семей» бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды
Вагондар ауаны баптау жүйесімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен жабдықталған.
Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастырып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.
Мәселен, «Астана – Семей» бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды.
«Арай Транс KZ» ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: екі плацкарт және бір купе.
Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен және т. б. жабдықталған.
Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.