Екі адамды құтқарған тәртіп сақшысы «Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Жаса, жайна, Қазақстан!» салтанатты іс-шарасында Кентау қаласының учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатханға «Ерлігі үшін» төсбелгісі табысталды.
Есімхан Бағзатхан екі рет адам өмірін құтқарып қалған. Атап айтқанда, пәтерде жалғыз өзі құлыптанып қалған 3 жастағы бүлдіршінді 5-қабаттың балконы арқылы ішке кіріп, құтқарған. Сондай-ақ, 4-қабаттың терезесінен секірмек болған ер жігітті де дер кезінде ажалдан арашалады.
Награданы Президенттің тапсырмасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды табыс етті.