Қар аралас жаңбыр, көктайғақ, тұман: 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Ертең ауа райы қандай болады?

Қар аралас жаңбыр, көктайғақ, тұман: 28 қазанға арналған ауа райы болжамы
istockphoto.com
290

Синоптиктер 28 қазанда еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, күндіз тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында  да қатты жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Күндіз облыстың шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. 28-29 қазанда облыстың таулы аудандарында көктайғақ болады деп күтіледі. 28-29 қазанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. 29 қазанда облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Серіктес жаңалықтары