390
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі маңызды ескерту жасады
Қазақстандықтарға мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппарат басшысы Әлібек Ахмедьяровтың атынан алаяқтар хабарламалар жіберіп жатқанын ескертті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, алаяқтар Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде Агенттіктің аппарат басшысы Әлібек Ахмедьяровтың атынан жалған аккаунттар ашу арқылы хабарламалар таратып жатыр.
«Белгісіз адамдар қандай да бір деректерге қол жеткізу арқылы алаяқтық әрекеттер жасауға тырысады. Жіберілген жалған ақпаратқа сенбеуіңізді және жауап бермеуіңізді, сенімсіз сілтемелерге өтпеуіңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.