Борышкер сот шешімін тиісінше орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Аудан прокуратурасы 10.07.2024 жылы аталған факт бойынша ҚР ҚК 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Осылайша прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасының көзделгенін ескертеді.