Түркістан облысында Энергетика басқармасының басшысы жауапқа тартылды

Түркістан облысында Энергетика басқармасының басшысы жауапқа тартылды
istockphoto.com
441

Түркістан облысында қадағалау органы халық арасында сұйытылған газды сатуды қамтамасыз ететін кәсіпкерлерге газдың біркелкі бөлінбеу фактілерін анықтады. Заң бұзушылықтарға жол берген энергетика басқармасының басшысы тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокурорлар уәкілетті органның қызметін тексеру кезінде бәсекелестікке қарсы әрекеттерді анықтаған. Атап айтқанда, сұйытылған газ көлемі жеткізушілер арасында бөлінгенде жасанды түрде төмендетілген және белгіленген ережелердің мерзімі мен талаптары бұзылған.

Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесінде сұйытылған газды бөлу жөніндегі комиссия құрамы жаңартылды. Кейін сұйытылған газды объективті бөлу бойынша жұмыс басталды. Сондай-ақ құқығы бұзылған 44 кәсіпкердің шығынын шикізатпен өтеу шаралары, газ тапшылығын қолдан жасау мен газ бағасының көтерілуін болдырмау шаралары қабылданып жатыр.

Бұдан бөлек аталған заң бұзушылықтарға жол берген энергетика басқармасының басшысы комиссия құрамынан шығарылып, тәртіптік ("қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі) және әкімшілік жауапкершілікке (ӘҚБтК-нің 163-бабының 1-бөлігімен (бәсекелестікке қарсы әрекеттер) 2,2 млн. теңге айыппұл төленген) тартылған.

Серіктес жаңалықтары