Алматыда құйымшағында үлкен ісік бар ұл бала дүниеге келді. Жалпы салмағы бір келі болатын ісікті Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығының хирургтары ота арқылы алып тастады, деп хабарлады turkystan.kz.
Сәби 6 қазан күні Алматыда дүниеге келген. Сол күні ол перзентханадан Балалардың жедел медициналық жәрдем орталығына ауыстырылып, жансақтау бөліміне жатқызылып, ота жасалды.
«Балада өте күрделі патология болды – тірек-қимыл аппаратының туа біткен кемістігі. Үлкен қатерсіз ісік – бұл сакрококцигеальды аймақтың тератомасы. Ол сүйек тінінен, жұмсақ тіннен және кисталық қуыстардан тұрды. Негізгі бөлігі сыртта, шағын бөлігі қуыс ішінде орналасты. Ота сәтті өтті», - дейді іріңді және кеуде қуысы хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет
Сәбидің жағдайы бірқалыпты, анасы екеуі үйіне шығуға дайындалып жатыр.