591
Шымкентте 11 жыл жасырынған шетел азаматы ұсталды
Ол халықаралық іздеуде болған.
Халықаралық іздеуде болған 41 жастағы шетел азаматы Шымкентте ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Көрші елдердің құқық қорғау органдары ер адамды кеден заңын бұзғаны және пара алғаны үшін айыптап, іздеу салған. Ол қылмыстық қудалаудан 11 жыл бойы жасырынған», - делінген хабарламада.
Қазір ол қамалды. Енді экстрадацияланатын болады.