Түркістан облысында 16 ақбөкенді атқан браконьерлер ұсталды

Түркістан облысында полиция браконьерлерден 16 ақбөкеннің ұшасы мен қару-жарақ тәркіледі.

Түркістан облысында 16 ақбөкенді атқан браконьерлер ұсталды
polisia.kz
Автор
Админ
226

Полиция Созақ ауданының аумағында жүрген күдікті көлікті байқап, жедел тексеру барысында ҚР Қызыл кітабына енгізілген жабайы жануарларды заңсыз аулау дерегін анықтаған.

Toyota land gruizer көлігі, 16 дана ақбөкеннің ұшасы, 13 дана ақбөкеннің басы, 2 дана пышақ, 58 дана аңшы мылтығының оғы, дүрбі, аңшы мылтығы, 12 калибрі екі ұңғылы 2 мылтық, 4 дана жарықтандырғышты заттай дәлелдеме ретінде тәркілеп алды. Тиісті сараптама тағайындалды.

Жергілікті полиция қызметінің полицейлері көліктегі күдікке ілінген 4 ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Олар Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты.

Бұл факт жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу бабы бойынша тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары