Құрама атынан кілемге соңғы болып шыққан Бағлан Қуаныш болды. 87 келіге дейінгі салмақтағы спортшының қола алуға мүмкіндігі болған еді.
Алайда жұбаныш айналымының бірінші жекпе-жегінде ол түркиялық қарсыласы Самет Ялдыраннан жеңілді – 2-3. Осылайшай біздің «классик» балуандар әлем чемпионатынын жүлдесіз аяқтады.