259
Қарағандыда есірткі жарнамалаған 7 мыңнан астам сайт анықталды
Облыс прокуратурасы есірткі бизнесімен күреске бағытталған “Нашақорлыққа жол жоқ” жобасын жүзеге асыруда. Ведомствоаралық топ құрылған.
Осы жұмыстың нәтижесінде есірткі заттарын насихаттайтын 7 мыңнан астам жарнамалық сайт анықталып, бұғатталды.
Есірткі заттарын белгілі жерлерде қалдырушылардың көшелердегі жарнамалық жазбалары мен граффитилерін бояу шаралары қолданылды.
Есірткіні жарнамалағаны үшін 55 қылмыстық іс қозғалды.
Әлеуметтік желілерде, оның ішінде 98 Telegram-каналда мазмұны заңға қайшы және заңсыз әрекеттерге шақыратын 174 сілтеме бұғатталды.
Ауылдық жерлерде жабайы қарасораны анықтау және жою жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Жоба барысында Осакаров, Нұра және Қарқаралы аудандарында 200-ден астам қарасора бұталары жойылды.