Астанада бала күтуші жұмыс берушіден ақша өндіріп алды

2024 жылғы қаңтарда тараптар арасында 1 жыл мерзімге еңбек шарты жасалған.

Астанада бала күтуші жұмыс берушіден ақша өндіріп алды
Автор
Админ
259

Сәуірде бала күтуші науқастанып, екі апта бойы өз міндеттерін орындай алмаған.

Содан кейін жұмыс беруші 2024 жылдың сәуірінен бастап жұмыскерге мұқтаж емес екенін хабарлап, сәуірдің екі аптасында жұмыс істеген уақыты үшін жалақы бойынша міндеттемесін орындамай, еңбек шартын бұзған.

Сот анықтағандай, 2024 жылғы 15-28 сәуір аралығында жұмыскер еңбекке жарамсыз болған, ол туралы уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бар. Жұмыс беруші бұл жағдай бойынша хабардар болған.

Сонымен қатар, еңбек шартының 2.4 тармағында тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа бұл туралы кемінде екі апта бұрын жазбаша ескертіп, оның талаптарын орындаудан біржақты бас тарту жолымен Шартты бұзуға құқылы делінген.

Сол себептен сот талапты қанағаттандырып, бала күтуші екі жұмыс аптасы үшін жалақы өндіріп алды.

Сот шешімі заңды күшіне енген.

Серіктес жаңалықтары