сенбі, 5 сәуір, 2025

Қайрат Сатыбалдының анасы қайтыс болды

/
@yedilovonline телеграм-арнасы
Светлана Мырзахметқызы Назарбаева 77 жасында дүниеден озды.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні Светлана Назарбаева 77 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлады turkystan.kz​​​​​​​.

Суық хабар туралы @yedilovonline телеграм-арнасының авторы Ербол Еділов жазды.

«Светлана Мырзахметқызы Назарбаева 77 жасында дүниеден озды. Орны толмас қайғыға байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Иманы саламат болсын!»,- деп жазды ол.

Айта кетейік, Светлана Назарбаева – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің жұбайы, Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы.

Бөлісу: