Астана тұрғыны «Қазпошта» жанжал шығарып, құрылғыларды сындырған

39 жастағы астаналық жанжал кезінде құрылғыны лақтырып, компьютерді сындыру арқылы материалдық шығын келтірді.

Астана тұрғыны «Қазпошта» жанжал шығарып, құрылғыларды сындырған
istockphoto.com
60

Астанада полицейлер кезекті вандалдарды тауып, жауапкершілікке тартты, деп хабарлады turkystan.kz.

Мәселен, 19 қазан күні сағат 16:50 шамасында Абылай хан даңғылында мас күйінде жүрген 30 жастағы ер адам көліктің әйнегіне әдейі сындырған. Ол өзінің іс-әрекетімен 400 000 теңге шығын келтірді.

Тағы бір оқиға Күйші Дина көшесінде орналасқан «Қазпошта» филиалында болды, 39 жастағы астаналық жанжал кезінде құрылғыны лақтырып, компьютерді сындыру арқылы материалдық шығын келтірді.

Екі бұзушы да табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астанада «Тоқта, вандал» акциясы аясында күндізгі және түнгі рейдтер, сондай-ақ тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қала мүлкіне ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

Акцияға еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары қосылып, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері сот 260-қа жуық адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.

Вандализмнің алдын алу жұмысы қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары