«Әйел бақыты» немесе «Өз ойым»: Дина Төлепберген Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбаттасты

Ләйлә Сұлтанқызы «Din Dina show» бағдарламасында қонақта.

«Әйел бақыты» немесе «Өз ойым»: Дина Төлепберген Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбаттасты
сурет ашық дереккөзден алынды
268

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Дина Төлепбергеннің жаңа студиясында сұхбат берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында сұхбаттың анонсын жүктеді. Үзіндіде Ләйлә Сұлтанқызы жеке өміріне қатысты бірнеше сұраққа жауап берді.

«Осыдан 24 жыл бұрын Шымкентте Отырар телеарнасында жұмыс істеп жүрген едім. Контент тапшы, YouTube, тикток, инстаграм атымен жоқ. Сол заманда видео деген алтынға пара-пар құнды еді. Бір күні жұмысқа VHS кассеталары жеткізілді. Оның ішінде Ләйлә ханымның сұқбаттары жазылған екен. Ол материалдарды өз бағдарламама қолданып, біраз кәдеме жарата білдім», - деді Дина Төлепберген.

 

Серіктес жаңалықтары