Алматы облысында екі адамды автокөлік қағып кетті

Қайғылы жағдай Қаскелең маңында болған.

Алматы облысында екі адамды автокөлік қағып кетті
Алматы облысының Полиция департаменті
Автор
Админ
258

Алматы облысында бір тәулікте екі адамды көлік қақты, деп жазады turkystan.kz.

Бірінші оқиға Алматы – Бішкек тас жолында, Қаскелең қаласына жақын жерде болған.

Toyota Camry көлігінің жүргізушісі өтуге болмайтын жерден өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Екінші оқиға Алматы – Өскемен тас жолында, Іле ауданының Ынтымақ ауылының маңында болған.

Lexus RX-350 автокөлігінің жүргізушісі өтуге болмайтын жерден өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Екі факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

 

Серіктес жаңалықтары