Түркістан облысында ер адам 15 жастағы қызды зорлап, бопсалаған

Полиция күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.

Түркістан облысында ер адам 15 жастағы қызды зорлап, бопсалаған
istockphoto.com
Автор
Админ
546

Қыздың анасы 33 жастағы жігіттің өз қызын пәтерге кіргізіп, шешіндіріп, суретке түсіріп, сосын зорлағанын айтты.

Оқиға мұнымен бітпеген. Ер адам қызды «жалаңаш суретіңді желіге жариялап жіберемін» деп қорқытып, өзі сияқты жас қыздар тауып беруін немесе ақша беруін талап еткен.

 «Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кәмелетке толмаған баланың жалаңаш суреттері тарады деген ақпарат жалған. Полиция азаматтарды тек ресми жаңалықтарға ғана сенуге шақырады», - деді полиция.

Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары