Жыл басынан бері 1 тоннадан астам есірткі тәркіленген

Тәркіленген заттардың «қара нарықтағы» құны 7 миллиард теңгеден асады.

Жыл басынан бері 1 тоннадан астам есірткі тәркіленген
istockphoto.com
Автор
Админ
230

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның ішінде 774 кг героин, 155 кг марихуана, 37 кг гашиш және гашиш майы, 34 кг көкнәр, сондай-ақ 1 кг синтетикалық есірткі бар.

Ираннан героиннің ірі партиясын әкелмек болғандардың жолы кесілді. Қылмыстық топ есірткі заттарын тұрмыстық тауарлар ретінде жасыруға тырысқан.

Еуропа, АҚШ және Таиландтан келген есірткі заттары бар 50-ден астам пошта жолданымдары ұсталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі АҚШ-тан есірткі заттарын пошта арқылы контрабандалық жолмен жеткізетін жүйелі арнаны жойды.

Нәтижесінде он күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, 15 кг каннабис сығындысы және 8 кг марихуана тәркіленді.

21 сотталушы түрмеге қамалды, арасында шетел азаматтары да бар.

Серіктес жаңалықтары