Алматыда келіншек 19 жастағы бойжеткенді қағып кетті

Апат Розыбакиев көшесінде болған.

Алматыда келіншек 19 жастағы бойжеткенді қағып кетті
istockphoto.com
Автор
Админ
336

Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік апатының Алмалы ауданында болғанын хабарлады.

«Ford автокөлігінің жүргізушісі Розыбакиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, 2005 жылы туған бойжеткенді қағып кетті. Бойжеткен өтуге болмайтын жерден өткен. Жүргінші оқиға орнында көз жұмды»,- делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Алматы қаласының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары