389
«Бір жыл өте шығыпты»: Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбеков туралы жазды
Мақпал Жүнісова Ақжол Мейірбековтың отбасына қолдау білдірді.
2023 жылдың қараша айында өмірден өткен «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбековтің отбасы құран бағыштап, жылдық асын берді.
Өнер иесі ас кезіндегі видеоны жариялап, марқұм әншіге қатысты әсерлі жазба жариялады.
«Бүгін марқұм Ақжол Мейірбеков ағамыздың арамыздан кеткеніне бір жыл өте шығыпты. Ағамыздың отбасы бүгін құран бағыштап, ас бермекші. Алла қабыл етсін, топырағы торқа болсын, қырқын бергенде бола алмап едім, Алла қаласа құранда боламыз», - деп жазды өнер иесі.
Кейін Мақпал Жүнісова Ақжол Мейірбековтің отбасына қолдау білдірді.
«Марқұм Ақжол Ағамыздың топырағы торқа болсын. Бағышталған құран, беріліп жатқан ас қабыл болсын. Артында қалған ұрпақтары, жары Шарипа апайға Алла ұзақ ғұмыр берсін. Шарипа апай, Луиза айналайын енді тек жақсылық болсын. Жылдық асын беріп, басын көтердіңіздер. Ақжол ағамыз аруағымен желе-жебесін, ұрпағы өсе берсін», - деп жазды әнші.