263
Орал тұрғыны үйінен шығып, із-түссіз жоғалып кеткен
Азаматты үш аптадан бері іздестіріп жатыр.
Ол 30 қыркүйекте үйінен шығып, сол күйі оралмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Орал тұрғыны Марал Құлбарақова 32 жастағы інісі Алмас Мұқановқа іздеу салады.
«Оның бойы шамамен 150 см. Үйден шыққанда сұр түсті бас киім, алқызыл түсті сырт киім, көк джинсы шалбар, қара кроссовки киіп кеткен. Қолында Samsung телефоны болған. Жеңіл формадағы ақыл-ес кемшілігі бар», - дейді Марал Құлбарақова.
Полицияға арыз жазғанымен, әзірге еш нәтиже жоқ.
Көрген-білгендер болса полицияға хабар беруін сұрайды.