Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады
Абай облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлады Абай облыстық ПД баспасөз қызметі.
Жол апаты 18 қазанда «Омбы-Майқапшағай» тасжолында болған.
«Омбы — Майқапшағай» автожолында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығысу нәтижесінде үш азамат, оның ішінде Семей қаласының полиция аға сержанты Ахатов Асхат қаза тапты. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық жағдайлар анықталады», - делінген хабарламада.
Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Айта кетейік, қайтыс болған полиция қызметкері наурыз айында қызды қылмыскерден арашалаймын деп пышақ жарақатын алған.