«Барыс» хоккей клубы барлық легионермен келісімшартты бұзды

Нұрлан Оразбаев «Барыс» солтүстік америкалық легионерлермен келісімшартты бұзғанын айтты.

«Барыс» хоккей клубы барлық легионермен келісімшартты бұзды
hcbarys.kz
439

«Барыс» хоккей клубының жаңа бас директоры Нұрлан Оразбаев баспасөз мәслихатында бірнеше шетелдік ойыншымен келісімшартты бұзғанын мәлімдеді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, 17 қазанда елордалық «Барыс» хоккей клубының жаңа бас директоры болып Нұрлан Оразбаев тағайындалған болатын. Нұрлан Оразбаев клубтағы алғашқы баспасөз мәслихатын өткізіп, «Барыс» енді солтүстік америкалық легионерлермен келісімшартты бұзғанын айтты.

«Ойыншыларға келетін болсақ: бүгін біз Даниил Апалков пенВладислав Кодоламен келісімшартты бұздық. Сол сияқты біз барлық легионер-солтүстік америкалық ойыншылардың агенттеріне келісімшартты бұзу туралы хабарламалар жібердік. Құрамда Маттссон, Бурдасов, Николишин, Жафяров, Сетдиков, Бочаров, Камалов, Антипин және Хохлов қалды. Қалған барлық ойыншылар ұлттық құраманың кандидаттары, біздің жергілікті тәрбиеленушілеріміз», - деді Нұрлан Оразбаев.

Серіктес жаңалықтары