«Диктофонға басып алған»: Семейде оқушылармен дәретханада сөйлесетін директор ата-аналардың наразылығын тудырды

Мұғалім бұған дейін де қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тартылған

«Диктофонға басып алған»: Семейде оқушылармен дәретханада сөйлесетін директор ата-аналардың наразылығын тудырды
Фото: depositphotos.com
703

Семейде мектеп мұғалімі сабақ кезінде жетінші сыныптың екі оқушысын дәретханаға алып барған, бұл оқиға ата-аналардың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 16 қазан күні №38 мектеп-лицейде болған. Аталмыш оқиғаның егжей-тегжейін Абай облысының білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Белгілі болғандай, екі оқушы сабақ беруге кедергі келтіргендіктен, мұғалім оларды дәретханаға апарған. Мұғалім өзінің бұл әрекетін басқа сыныптарда сабақтар болғандықтан,  дәлізде олармен сөйлесе алмағанымен түсіндірген. Дәретханада оқушылар әңгімені телефондағы диктофонға жаза бастаған. Бұған ашуланған мұғалім телефонды оқушының қолынан алып тастады. Мұғалім оқушыларға қатысты физикалық күш қолданбаса да, әдепсіз сөздерді айтпаса да, әңгімелесу орны мен жазбаны алып тастауы ата-аналардың алаңдаушылығын тудырды.

«Тарих мұғалімі мен 7 «В» сынып оқушыларының мінез-құлқына қатысты іс педагогикалық этика кеңесінде мұқият қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша кеңес директордың міндетін атқарушыға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 64-бабының 4-тармағына сәйкес осы мұғаліммен еңбек шартын бұзуды ұсынды», - деп нақтылады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, мұғалім бұған дейін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тартылған. Сол себепті, бұл жолы оған қатысты  қатаң шаралар қабылданды.

«2024 жылғы 17 қазандағы № 435 бұйрықпен мұғаліммен еңбек шарты бұзылды», - деп толықтырды Білім басқармасы.

Серіктес жаңалықтары