Алматыда тұрғын үйдің шатыры өртеніп кетті (ВИДЕО)

Өрт 8 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатынан шыққан.

Алматыда тұрғын үйдің шатыры өртеніп кетті (ВИДЕО)
скриншот
213

Алматыда Байтұрсынов пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орналасқан «Престиж Алатау» тұрғын үйі мен шатыры өртеніп жатыр.

Желіде оқиға орнынан видеолар таралып жатыр. Кадрлардан тұрғын үй шатырының лаулап жанып жатқанын байқауға болады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнында 25 өрт сөндіруші мен бірнеше бригада жұмыс істеп жатыр.

Өрт 8 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатынан шыққан. Оны сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрманғазы көшесінде көлік қозғалысы шектелді. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, – делінген хабарламада.

Газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері  де жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары