БҚО-да трактор мінген полицей ер адамды басып өлтірді

Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

БҚО-да трактор мінген полицей ер адамды басып өлтірді
istockphoto.com
299

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы Бұлдырты ауылында трактор мінген полицей ер адамды басып өлтірді, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Полиция майоры Бақытжан Қазақстанов МТ3-80 тракторын жүргізіп келе жатып, 45 жастағы ер адамды қағып кеткен, ол жедел жәрдем келгенше сол жерде жан тапсырған.

Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстановқа қатысты 345-баптың 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Бұл бап белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді», - делінген жазбада.

Серіктес жаңалықтары