Түркістан облысының білім саласында 1,5 млрд теңге ұрланған

123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды

Түркістан облысының білім саласында 1,5 млрд теңге ұрланған
istockphoto.com
493

Түркістан облысында Білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.

«Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді.

Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды», – делінген хабарлмада.

Серіктес жаңалықтары