Мұнай бағасы түсіп жатыр

Эталондық маркалы мұнай бағасы түсіп жатыр.

Мұнай бағасы түсіп жатыр
istockphoto.com
257

Астана уақытымен бүгін таңғы сағат 08:26-да Лондонның ІСЕ биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 74,40 долларға түсіп, 3,95 пайызға арзандады.

WTI маркалы мұнайдың бір баррелі 70,76 долларға түсіп, 4,15 пайызға арзандады.

Кеше,15 қазанда Brent маркалы мұнай бағасы 75 долларға түскен болатын.

Мұнай бағасының құлдырауына Израильдің Ирандағы әскери, мұнай және ядролық объектілерге шабуыл жасайды деген ақпарат ықпал етіп отыр. Сарапшылар Израиль Иранның мұнай объектілеріне шабуыл жасас энерго-тасымалдағыштар бағасы күрт өсуі мүмкін екенін айтады.

Серіктес жаңалықтары