267
ШҚО-да полицейлер есірткі сататын интернет-дүкенді жойды
Бұған мұғалімдердің оқу процесіне дайындығының жеткіліксіздігі де себеп
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасымен бірлесіп Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады.
Ол өзі өсірген марихуана мен гашишті сату үшін танымал мессенджерлердің бірінде веб-сайт пен парақша құрған.
Есірткі сатылымын жасырын орындар арқылы жүзеге асырып отырған: төлемді алғаннан кейін күдікті тауарды алдын ала келісілген орындарға қалдырған.
Оның жер үйін тінту барысында полицейлер есірткінің әртүрлі түрлерін өсіруге арналған зертхананы анықтады.