Қазпошта Бибігүл Төлегенованың құрметіне марка шығарды

«Қазпошта» АҚ «Дүниежүзілік пошта одағына 150 жыл» және «Дүниежүзілік пошта одағына 150 жыл. Бибігүл Төлегенова» тақырыптар «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясына арналған пошта маркаларын айналымға енгізеді.

Қазпошта Бибігүл Төлегенованың құрметіне марка шығарды
Сурет дереккөзден
230

Астанада Дүниежүзілік пошта күні мен Дүниежүзілік пошта одағының 150 жылдығына орай пошта қызметкерлері мен ардагерлерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің, бизнес серіктестердің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара жоғары мемлекеттік наградалар, ҚР Үкіметінің және «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамоталарын алған компанияның үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімімен ашылды.

«Қазпошта» АҚ «Дүниежүзілік пошта одағына 150 жыл» және «Дүниежүзілік пошта одағына 150 жыл. Бибігүл Төлегенова» тақырыптар «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясына арналған пошта маркаларын айналымға енгізеді.

Маркаға белгі қою салтанатты рәсіміне шығармашылығы мен педагогикалық таланты елдің мәдени мұрасына баға жетпес үлес қосқан опера әншісі және актриса Бибігүл Төлегенова қатысты. Оның сирек таланты, тәлімгер мен тәрбиешіге тән инновациялық қасиеттері, өз халқына деген адалдығы көпшілікті тамсандырады.

«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова: «Аса құрметті Бибігүл Ахметқызының мерейтойлық маркаға белгі қоюға қатысуы біз үшін үлкен құрмет. Атаулы марка оның отандық мәдениетке қосқан айрықша еңбегін мойындаудың, оның кәсіби және жеке жетістіктеріне терең құрмет пен алғыстың символы. Бұл марка Қазақстанды және оның бай мәдени тарихын танытады».

«Қазпошта» АҚ – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік пошта одағында тағайындалған операторы. Бұл ең көне халықаралық ұйым биыл әлем бойынша ауқымды түрде атап өтілетін 150 жылдық мерейтойын мерекелеп жатыр.

«Қазпошта» дәстүрлі пошта қызметтерінен бастап цифрлық экономиканың жетекші технологияларына дейінгі жолды еңсерді.

Серіктес жаңалықтары