539
Талғар ауданында әкім аппаратының басшысы қызметінен босатылды
Талғар ауданында шенділер бірінен кейін бірі қызметінен босатылып жатыр.
Аудан әкімдігінің мәліметінше әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті.
«Одан бөлек Талғар ауданының әкімі Айдарбеков Таңат Есенкелдіұлы мен оның орынбасары Айбек Бидаев сөгіс алды», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбаев қызметінен босатылған болатын.