Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 4,7 мың шетелдік анықталды

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 161 қазақстандық пен көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзған 860 адамға шара қолданылды.

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 4,7 мың шетелдік анықталды
Polisia.kz
275

Биыл Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 4 781 шетелдікті анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.  

Тәртіп сақшылары көші-қон саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында шетелдік азаматтардың тұрғылықты жерін, құрылыс объектілері мен базарларды, шетелдіктердің жалдамалы еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерді тексерді.

Сонымен қатар сот шешімімен 973 шетелдік азамат елден шығарылып, қоғамдық орындарда қайыр сұраған 15 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 161 қазақстандық пен көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзған 860 адамға шара қолданылды.

 Айта кетейік, Түркістан облысының полицейлері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген адамдарды анықтауға, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналары мен көші-қон заңнамасын бұзушылардың жолын кесуге бағытталған профилактикалық және басқа да іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары