Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы тағайындалды

Көлік министрінің бұйрығымен Жәнібек Жұмаұлы Тайжанов Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы тағайындалды
primeminister.kz
225

Жәнібек Жұмаұлы 1982 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ қатынас жолдары университетін, Азаматтық авиация академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған, ұзақ жылдар бойы «Қазақстан темір жолы» ҰК филиалдарында жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі департаменті директоры.

2019-2022 жылдары — ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары.

2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Қазақстан темір жолы» ҰК «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы – бас директоры.

Серіктес жаңалықтары