Telegram Қазақстанда өкілдігін ашады.
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мнистрлік заңға қайшы контентті жою және деструктивті каналдарды бұғаттау үшін Telegram-мен серіктестік орнатқан.
«Біздің заңға сәйкес Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет платформалар Қазақстанда өкілдігін ашуға міндетті. Telegram-мен өкілін тағайындау және кеңсесін ашу туралы келісім жасалды. Бұл контентті бақылау үшін маңызды қадам», - деді Жасұлан Мәдиев.
Министр АҚШ-тың сауда палатасымен және Meta, Apple сияқты ірі компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізген. Кездесуле деректердің қауіпсіздігі, жалған аккаунттармен күрес, қолданушыларды қорғау мәселелері талқыланған.