Таразда бір топ жігіт көшедегі адамдарды соққыға жықты

Зардап шекеннің екеуі – 13 және 16 жаста

Таразда бір топ жігіт көшедегі адамдарды соққыға жықты
istockphoto.com
534

Таразда 20 адамнан тұратын бір топ жігіт көшеде кетіп бара жатқан 3 адамды ұрып-соққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ақпарат Instagram-дағы taraz_v_obektive парақшасына жарияланды. Жанжал 5 қазанда кешке Арай массивіндегі ойын алаңында болған. 

Бұзақылар 16-18 жас аралығында болған және олардың спортшылар екені анықталды. Ал зардап шекеннің екеуі – 13 және 16 жаста. 

Арай, 1 үйінің артында балалар алаңында 20 жігіт 3 кездейсоқ адамға шабуыл жасады. Егер мүмкін болса, видео немесе куәгерлердің пікірін күтеміз. Сіздің әрбір пікіріңіз біз үшін маңызды, - деп жазды куәгер әйел.

Жамбыл облысының полициясы топтық ұрып-соғу фактісін растады. Тергеу мүддесіне сәйкес, оқиғаның егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

Топпен жасалған бұзақылық фактісі бойынша алдын ала тергеу басталды. Оған қатысушылар анықталды. Қажетті тергеу-оперативтік шаралары жүргізіліліп жатыр, - деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары